Әділет министрі А.Есқараевтың төрағалығымен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

Әділет министрі А.Есқараевтың төрағалығымен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

Бүгін Әділет министрі А.Есқараевтың төрағалығымен қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Ведомствоаралық жұмыс тобының жұмысына мүдделі мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастық және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі бейнекамераларды жойғаны үшін, пара беруге уәде бергені үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік шекараны кесіп өткені үшін қылмыстық жауапкершілікті қайта қарау мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың жеке нормаларын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірледі.