Руководителем Департамента юстиции Карагандинской области проведена отчетная встреча

 Руководителем Департамента юстиции Карагандинской области проведена отчетная встреча

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Әділет департаментінің басшысы А. Жүсіпов Қарағанды қаласының тұрғындарымен кездесуінде атқарушылық өндіріс саласын жетілдіру бойынша қабылданатын заңнамалық шаралар жайлы, сондай-ақ жеке сот орындаушылар институтын дамыту жөнінде айтып берді.
Сонымен қатар, А. Жүсіпов Департаменттің атқарған жұмысының нәтижелері туралы баяндап, Ұлт жоспары мен ҚР Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары аясында мемлекеттік сот орындаушылардың санын қысқарту және атқарушылық өндірістердің басым бөлігін жеке сот орындаушылардың құзырына берілгендігі туралы атап өтті.
Жиын соңында Департамент басшысы ЖСО өңірлік палатасын өндіріп алушылардың мүддесін қорғау сапасын жоғарлатуға шақырды.