Әділет вице-министрі Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді!

Әділет вице-министрі Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді!

Ағымдағы жылғы 28 шілдеде сағ. 10.00-де (Ақтау қаласының уақыты бойынша)  Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде Әділет вице - министрі Алма Мұқанованың Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді (мекенжайы: Ақтау қ., 32 шағын аудан, 1 ғимарат, 2-қабаттағы "Тәуелсіздік холлы).

Іс-шараға белсенділер, қоғамдық кеңестің мүшелері, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар және  БАҚ өкілдері қатысады.

Азаматтардың сауалдары, сұрау салулары және ұсыныстары a.berdiev@adilet.gov.kz электрондық поштасы бойынша қабылданады.