«Зияткерлік меншік құқықтарын интернетте қорғау»

«Зияткерлік меншік құқықтарын интернетте қорғау»

2020 жылдың 27-28 сәуір аралығында Халықаралық зияткерлік меншік күніне орай жыл сайын 26 сәуірде аталып өтетін «Зияткерлік меншік құқықтарын интернетте қорғау» тақырыбында екі күндік онлайн-тренинг өтті.

Аталған тренингті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі БҰҰ Даму бағдарламасының көмегімен цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшы-заңгерлерді тарта отырып ұйымдастырылды.

Тренингтің мақсаты интернет желісінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселелерін зерделеу, сондай-ақ осы саладағы басқа елдердің тәжірибесімен танысу болып табылады.

Тренингтің фокус-тобы ҚР Жоғарғы Сотының, мүдделі мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Әділет органдарының өкілдері болып табылады.

Екі күндік онлайн-тренинг барысында халықаралық сарапшылар цифрлық әлемдегі зияткерлік меншік мәселелері бойынша цифрлы авторлық құқық және сабақтас құқықтар, цифрлы ортадағы авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық қорғау құралдары, интернеттегі тауар белгілері және басқа да айырым белгілері, тауарлар мен қызметтердің домендік атаулары мен тауар белгілерінің ұқсастығы, бағдарламалық қамтамасыз етуге патенттер және патентке қабілеттіліктің дәлелдемелері және тағы басқалар бойынша материалдарды таныстырды.

Халықаралық сарапшылар мен семинарға қатысушылар жоғарыда көрсетілген мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, интернет желісінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті сертификаттар беріледі.