ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қарағанды облысының Шахтинск қаласының тұрғыны Министрге сот-медициналық сараптамасы мәселесі бойынша жүгінді.

Азамат Есқараев өтініш берушінің сұрақтарына толық жауап берді, сондай-ақ осы мәселенің қаралуын жеке бақылауға алды.

Кейбір сұрақтар мұқият тексеруді талап еткендіктен, Сот сараптамалары орталығының басшысына азаматтың өтінішін қарастырып, оған жауап беруді тапсырдым, деп атап өтті әділет министрі.