
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды жыл сайынғы аккредиттеуді өткізу туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), аккредиттеу алу үшiн қажетті құжаттардың мынадай тізбесі белгілінген:
1) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.
Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші өзі жүгінетін мемлекеттік органға аккредиттеу туралы куәліктің үш көшірмесін де ұсынады.
Әділет министрлігі жоғарыда көрсетілген құжаттарды қабылдауды хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күн ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, астыңғы қабат, 14 және 15 кіреберістердің арасында (Рұқсаттама бюросы), Әділет министрлігінің құжаттарды қабылдауға арналған жәшігі.
Сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз мына телефон нөмермен хабарласа аласыз: 8(7172) 558950.