Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы қаласы әкімдігінің мүддесін білдіре отырып, Қазақстан Республикасы Консультантымен бірлесіп бірнеше жылдың көлемінде Виктор Храпуновты және оның сыбайластарын, соның ішінде оның отбасы мүшелерін В.Храпуновтың Алматы қаласының әкімі лауазымында болған кезінде жымқырылған жүздеген миллион долларды ұрлағаны және кейіннен оларды дүниежүзі бойынша жылыстатқаны үшін жауапқа тарту жөнінде мақсатқа бағытталған қадамдар жасап келеді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың барысында Консультант В.Храпуновтың және оған қатысы бар адамдардың өздерінің экономикалық және саяси байланыстарын АҚШ-та нығайту мақсатында сол елде ұйымдастырған қызметі туралы жедел ақпарат берді. Ол ақпаратқа сәйкес капиталды АҚШ-қа шығару бойынша қаржылық схемалар құрылып, жымқырылған қаражатты әр түрлі заңды бизнеске және жылжымайтын мүлікке «инвестициялау» процесі жүріп жатқан.

Осыған байланысты, 2014 жылғы 13 мамырда Консультант Алматы қаласы әкімдігінің атынан Калифорнияның Орталық округі бойынша АҚШ-тың Округтік сотында Рэкет арқылы алынған капиталды инвестициялау туралы АҚШ заңын бұзушылық (RICO), фидуциарлық міндеттерін бұзушылық сияқты алты негіз бойынша аталған ақшаларды Калифорнияда, соның ішінде Беверли-Хиллзтағы таңдаулы жылжымайтын мүлікті сатып алу арқылы жылыстатқан Храпуновтарға қарсы сот процесіне бастамашылық жасады.

Бұл ретте, АҚШ-тағы азаматтық процес сатыларының бірі болып талапкерлер мен жауапкерлердің, сондай-ақ үшінші тұлғалардың міндетті түрде ақпаратты әшкерелеуі (discovery procedure) табылады. Осы бағытта белсенді жұмыс жүргізілді, соның ішінде Жауапкерлер тығыз ынтымақтастықта болған әр түрлі риэлторлық, брокерлік және құрылыс компанияларына, сондай-ақ Жауапкерлердің есепшоттары тілкелген банктерге ақпарат пен құжаттарды әшкерелеу туралы сот сұрау салулары жолданды.

Осы процестің нәтижесінде жауапкерлердің кәсіпорындары жөніндегі салық және корпоративтік құжаттарға қол жеткізілді. Жауапкерлер пайдаланып жүрген қаржылық схемалар, корпоративтік құрылымдар, сондай-ақ жалған тұлғалар туралы ақпарат әшкереленді. Алынған мағлұматтар жаңа сот процестерге, соның ішінде Нью-Йорк штатында бастамашылық жасауға негіз болды.

2020 жылғы 22 сәуірде Тоғызыншы округтің Апелляциялық сотының Храпуновтардың тарапынан кең көлемді ұрлық пен талан-таражға салушылықтың орын алғандығын мойындағанына қарамастан, Сот, әйтсе де, ұйғарылып отырған активтер ұрлығының шетелде болғанлығын, сол себепті АҚШ аумағында келтірілген шығын ретінде саралануы мүмкін еместігін пайымдап, талапты кері қайтаруды растады.

Алматы қаласының әкімдігі мұндай нәтижеге қынжылады. Өйткені бұл шешім шетелдік қылмыскер тұлғалардың АҚШ-ты ақшаны жылыстатуда қорған ретінде пайдалануына одан әрі итермелей түседі. Дегенмен, бұл талап-арыз В.Храпунов және оның отбасы ұрлаған ақшаны қайтаруға бағытталған көптеген ағымдағы қараулардың бір бөлігі ғана болып табылады. Бұған дейін В.Храпунов Қазақстанда көптеген қылмыстар үшін сотталған болатын және бұл шешім келтілірген зардаптың орнын толтыруға бағытталған Талапкердің дүниежүзі бойынша қабылдап жатқан шараларына әсер етпейді.