Құқық саласындағы ынтымақтастық мәселесі ҚР және БАӘ Әділет министрліктері арасында талқыланды

Құқық саласындағы ынтымақтастық мәселесі ҚР және БАӘ Әділет министрліктері арасында талқыланды

Әділет министрі Азамат Есқараев және Бас Прокурор Берік Асылов БАӘ Әділет министрі Абдулла Сұлтан бин Авад Аль Нуайм кездесті.

Азамат Есқараев екі мемлекет арасындағы ынтымақстастық, оның ішінде Азаматтық және коммерциялық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісім шеңберінде дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Әділет министрі келесі мәселе бойынша ақпарат берді: «Біздің дамуымыздың жаңа бағыты экономика мен мемелкеттік қызметтерді кең ауқымды түрде цифрландыруға негізделген. Осы бағытта, Әділет министрлігі «Digital Justice» бағдарламасын іске асыруда. Ол 12 жобаны іске асыруды көздейді, атап айтқанда норма шығармашылық, нотариат, азаматтық хал актілерді тіркеу және т.б. салаларда. Әділет министрлігінің барлық мемлекеттік қызметтері электрондық форматқа ауыстырылды. Мобильді қосымша арқылы олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдануда».

Кездесудің соңында тараптар құқық саласында ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендерін атап өтті.