Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова аумақтық әділет органдарымен кеңес өткізді

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова аумақтық әділет органдарымен кеңес өткізді

2023 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әділет департаменттерінің басшыларымен әділет органдарының зияткерлік меншік саласындағы қызметінің мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес шеңберінде ішкі істер, экономикалық тергеу органдарымен және кеден органдарымен ынтымақтастықтың қажеттілігі, сондай-ақ авторлармен, құқық иелерімен, бизнес қоғамдастық және БАҚ өкілдерімен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігі атап өтілді.