
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін қолдану тәртiбi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» және «Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрықтар жобаларын әзірледі.
Бұйрықтар жобалары туындыларды көпшiлiк алдында орындау, көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшiн, туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны, дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығарғаны үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін, орындаушылар мен фонограммалар шығарушыларға сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін қолдануды нақтылау үшін әзірленді.
Қоғамдық талқылау 2023 жылғы 29 маусым – 14 шілде аралығында жүргізіледі.
Барлық қызығушылық танытқан азаматтардың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін талқылауға келесі сілтеме бойынша:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14621534 және https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14621546 қатысуға мүмкіндігі бар.