ЕАЭО елдерінде зияткерлік құқықтарды қорғау мәселелері талқыланды

ЕАЭО елдерінде зияткерлік құқықтарды қорғау мәселелері талқыланды

2023 жылғы 23 маусымда АИС IP Груп және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ұйымдастырған «Өндірістік және логистикаық процестердің Еуразиялық интеграциясының жаңа жағдайларында бизнесті стратегиялық дамыту. ЕАЭО елдеріндегі зияткерлік құқықтарды сақтау және қорғаудың тиімді тәсілдері» тақырыбында халықаралық семинар өтті.
Іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері, бизнес қоғамдастық өкілдері және патенттік сенім білдірілген өкілдер қатысты.
Мемлекеттік органдар мен бизнес үшін де зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылуына қарсы күрес жөніндегі ұсынымдарды қалыптастыруға бағытталған, семинар шеңберінде ЕАЭО елдерінің аумағында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен сақтаудың практикалық тетіктерін талқыланды.