ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Халықаралық Сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Луис Мария Палмамен кездесті

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Халықаралық Сот әкімшілігі  қауымдастығының президенті Луис Мария Палмамен кездесті

        Кездесу барысында Азамат Есқараев сот төрелігін сот әкімшілігінен нақты ажырату мақсатында Президенттің Жарлығымен 2022 жылғы 8 қыркүйекте ҚР Сот әкімшілігі құрылғанын атап өтті.
         «Әділет министрлігі сот жүйесі мен соттардың қызметін жетілдіруге бағытталған Сот әкімшілігі алға тартқан жүйелі реформаларды талқылауға белсенді қатысады. Сот әкімшілігінің тақырыбы әділет органдары үшін өте маңызды, өйткені біздің тәуелсіздігіміздің бастапқы кезеңінде соттардың материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етілуі министрліктің қарамағында болды», - деп хабарлады Әділет министрі.
          Естеріңізге сала кетейік, ХСӘҚ қызметі судьялар, сот әкімшілері мен басқарушылары, сондай-ақ басқа да мемлекеттік шенеуніктер үшін бірыңғай ресурс құру арқылы қатысушы елдердің сот жүйелері жұмысының сапасын бағалауға және арттыруға бағытталған.