Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Павлодар облысының заңгерлерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Павлодар облысының заңгерлерімен кездесті

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары М. Магеррамов және Н. Микаелян Әділет департаменті қызметкерлерімен, адвокаттармен, нотариустармен, жеке сот орындаушылар және жеке заңгерлік қызметпен айналысатын заңгерлермен  кездесті.
Кездесудің негізгі тақырыбының өзегі қабылданған заңдардың құқық қолдану тәжірибесі болды.
Кездесу барысында алименттерді өндіру, әділет органдары прокуратура және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ екінші деңгейлі банктермен жұмыс ұйымдастыру мәселелері  қозғалды. 
Сонымен қатар, адвокаттық және нотариаттық қызмет салаларындаға мәселелер қаралды.

Павлодар облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызмет