
2023 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Орынбасары Жақып Асановпен кездесу өткізілді. Кездесу әңгімелесу форматында «Өзгерістерді басқару» тақырыбында өтті.
Кездесу барысында Ж. Асанов прокуратура органдарында және сот жүйесінде алған тәжірибелерімен және жүргізілген реформалармен бөлісті, сондай-ақ мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті, ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі және басқа да мәселелер жөнінде әңгімеледі.