2018 жылғы 8 ақпанда сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді.
Алқа отырысына қатысу үшін Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылды.
Алқа отырысы барысында ведомства өкілдері 2018 жылғы жұмысты қорытындылап, 2019 жылдың басым міндеттерін айқындайды. Әділет министрінің орынбасарлары, Жауапты хатшы ведомствоның жетекшілік ететін бағыттары бойынша баяндама жасайды.
Кеңейтілген алқа отырысы Әділет министрлігінің «adilet.gov.kz» ресми сайтында онлайн режимде таратылатын болады.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша ведомствоның жетекшілік ететін бағыттары бойынша әділет министрінің орынбасарлары және жауапты хатшы БАҚ-қа брифинг береді.
Өткізілетін орны: Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат,№ 1056 к. ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Журналистерді тіркеу 2018 жылғы 8 ақпан сағат 12:00-ге дейін pressgov@mail.ru. поштасы арқылы жүргізіледі.
ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02