
2023 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мемлекеттік органдардың заң қызметтері мен халықаралық ынтымақтастық департаменттері үшін «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою туралы мәселелер» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.
Семинар «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК ғимаратында өтті, оған тоқсаннан астам мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Семинар барысында Әділет вице-министрі Жақселекова Ботагөз Шаймарданқызы мемлекетіміздің тұрақтылығының көрсеткіші ретінде халықаралық шарттардың маңыздылығын, сондай-ақ халықаралық шарттарды жасасу процесін түсіндірудің өзектілігін атап өтті.
Семинарға қатысушылар халықаралық шарттарды жасасудың және оларды орындаудың әртүрлі аспектілері туралы хабардар етілді, оның ішінде жасасу рәсімдеріне және қарастырылып отырған тақырып бойынша проблемалық мәселелерді талқылауға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың өкілдері Әділет министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі бірлесіп әзірлеген Халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарымен танысты.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өткізіліп жатқан семинардың жоғары маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ халықаралық шарттарды жасасу тетігімен егжей-тегжейлі танысуға ұсынылған мүмкіндік үшін алғыстарын білдірді.