«ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілері мен географиялық нұсқауларды пайдаланудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы Сенатпен мақұлданды

«ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілері мен географиялық нұсқауларды пайдаланудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы Сенатпен мақұлданды

Келісімнің мақсаты тараптарға жалған тауар белгілері мен географиялық нұсқаулары жазылған тауарларды өндіру және өткізу фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ мұндай тауарларды ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары арқылы өткізу мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау болып табылады.

Келісім жалған тауар белгілері мен географиялық ңұсқаулары бар тауарларды өндіру және өткізудің анықталған фактілері туралы ақпарат алмасуды, семинарлар мен конференциялар өткізуді, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі ынтымақтастықты, әдістемелік және арнайы әдебиеттермен алмасуды және басқа да іс-шараларды көздейді.

Келісім Тараптардың құқықтық қорғау құралдарын қолдану жөніндегі міндеттемелерін белгілейді:

- тауардың шығу орны мен қасиеттеріне қатысты жаңылыстыруға қабілетті тауарларды белгілеу кезінде кез келген құралдарды пайдалануды болдырмау;

- жалған тауар таңбасын немесе географиялық нұсқауды тіркеуден бас тарту немесе тіркеуді жарамсыз деп тану жолымен жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу.

Осы Келісім күшіне енген күннен бастап Қазақстан қатысушысы болып табылатын 1999 жылғы 4 маусымдағы Жалған тауар белгілері мен географиялық нұсқаулардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі шаралар туралы Келісім өз қолданысын тоқтатады.