
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы
19 сәуірдегі № 223-VII Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Аталған Заңмен «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін және орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін белгілеу бойынша Үкіметтің құзыреті уәкілетті орган деңгейіне берілді.
Қаулы жобасымен «Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын бекiту туралы» 2004 жылғы
20 қазандағы № 1083, «Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1373, «Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1373 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2013 жылғы 8 мамырдағы
№ 469 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 маусымдағы
№ 445 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулылары күшін жойды деп танылады.
Қоғамдық талқылау 2023 жылғы 6 – 20 маусым аралығында жүргізіледі.
Барлық мүдделі азаматтардың жоғарыда көрсетілген қаулы жобасын талқылауға https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14598887 сілтеме бойынша қатысуға мүмкіндігі бар.