Нотариат саласы бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау

Нотариат саласы бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын, төрелікті қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 21 қаңтардағы Заңының ережелерін іске асыру және түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2.3. тармағын орындау мақсатында, Талдықорған қалалық сотының ғимаратында, Алматы облысы Әділет департаменті Талдықорған қалалық сотымен бірлесіп, Нотариаттық палата өкілдерінің қатысуымен, жоғарыда аталған Заңның нормаларына қатысты дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді.

Дөңгелек үстел барысында "Нотариат туралы" ҚР Заңына енгізілген өзгерістер, атап айтқанда атқарушылық жазбаны жасау мәселелері талқыланды. Іс-шарада барысында құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету үшін негізгі түзетулерді және олардың маңыздылығын бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар, 21.02.2019 жылға дейін соттарда, әділет органдарының аумақтық бөлімшелерінде және нотариустардың кеңселерінде орналастыру үшін біріңғай үлгідегі ақпараттық стендттердің жобасын әзірлеу ұсынылды.