2019 жылғы 13 ақпанда СҚО Әділет департаменті басшысының төрағалығымен және облыс әкімі аппараты басшысының қатысуымен Мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің отырысы бейне-конференц режимінде өткізілді. Отырысқа аудан, ауыл әкімдері және қала мен аудан деңгейлеріндегі аппарат басшылары, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың құқықтық қамтамасыз ету бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.
Жиында 2018 жылдың нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бойынша қорытынды жүргізілді, жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен ұсынуды талдау және 2018 жылдың нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингті жүргізу мәселелері талқыланды.
2018 жылда жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдармен мемлекеттік тіркеуге 828 НҚА ұсынылса, оның тек 650 НҚА облыстық әділет департаментімен тіркелді, ал 84 НҚА бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша нормашығармашылықты жақсарту мақсатында бірлескен жұмыстарды жүргізу бойынша ұсыныстар енгізілді.