Ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылғаны туралы

Ашық нормативтiк құқықтық актілердің  интернет-порталына орналастырылғаны туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекiту туралы» және «Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрықтар жобаларын әзірледі.

Бұйрықтар жобалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы
19 сәуірдегі № 223-VII Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

Аталған Заңмен «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін және орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін белгілеу бойынша Үкіметтің құзыреті уәкілетті орган деңгейіне берілді.

Қоғамдық талқылау 2023 жылғы 26 мамыр – 9 маусым аралығында жүргізіледі.

Барлық қызығушылық танытқан азаматтардың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін талқылауға келесі сілтеме бойынша: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14584969 және https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14585009 қатысуға мүмкіндігі бар.