
«Әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай – ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін автоматтандыру шеңберінде Әділет министрлігі 2021 жылдан бастап электрондық апостиль іске қосылды.
Апостильдеу бойынша мемлекеттік қызметті автоматтандыру «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі - портал) арқылы іске асырылған «Е-Апостиль» ақпараттық-коммункациялық қызметі арқылы жүзеге асырылды.
Нәтижесінде электрондық апостиль апостильді беру, жазу және тексерудің жылдам, қауіпсіз және қағазсыз процедура рәсімін енгізеді.
Қазақстан Республикасының аумағында жасалған ресми құжаттарға электрондық және қағаз апостиль қою тәртібі «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасын бекіту туралы Әділет министрінің міндеттін атқарушының бұйрығымен регламенттелген.
Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет органдары (облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері) экстерриториалдық қағидаты бойынша көрсетеді.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 1 (бір) жұмыс күні. Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;
2) сканерленген көшірме түріндегі апостильдеуге жататын құжат электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректері өзгерген жағдайда, қосымша растайтын құжаттар (шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не өз құзыреті шегінде оған арнайы уәкілеттік берілген тұлға берген немесе куәландырған және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген, тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін (заңдастыру немесе апостиль қою) қоса беріледі.
Электрондық форматтағы апостиль Рortable Document Format (PDF) файлы түрінде қойылады, онда апостиль уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған ресми құжаттың электрондық немесе сканерленген көшірмесімен бірге болады.
Қоса берілген сканерленген ресми құжаты бар электрондық апостильдің тұпнұсқалығын мөртабанда көрсетілген сілтеме бойынша тексеруге болады https://egov.kz/cms/kz/services/apostil/apostil (авторизациясыз). Сондай-ақ, жылдам жауап беру кодын енгізу арқылы тексеруге болдады – QR коды (сілтеме және QR коды апостиль мөртабанында көрсетілген.
Электрондық апостиль мөртабаны үш тілде жасалады.
Апостиль электрондық мөртабаны бар ресми құжат жарамдылық мерзімі шектеусіз жарамды.
Сонымен қатар, электрондық қызмет Гаага Конвенциясына қатысушы елдер үшін қолжетімді. Егер ел Гаага Конвенциясына қатысушы болмаса, құжаттарды заңдастыру үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне жүгіну қажет.
Шет мемлекетке шығар алдында осы елдің Гаага Конвенциясына қатысушы болып табылатындығын және «апостиль» электрондық мөртабаны бар электрондық құжатты қабылдау мүмкіндігі туралы алдын ала нақтылауды ұсынамыз.
Қазіргі уақытта Гаага Конвенциясының құрамына кіретін 150 елдің ішінде 51 елде электрондық апостиль іске асырылды.