«КОНТРАФАКТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ

«КОНТРАФАКТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ

2023 жылғы 26 мамырында «Контрафакт» республикалық акциясының аяқталуына орай «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК алаңында жабылу рәсімін ұйымдастырылып, онда республикалық конкурстардың жеңімпаздары марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 2-26 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Контрафакт» республикалық акциясын өткізуді ұйымдастырды.

Осы іс-шара аясында «Контрафактіге жол жоқ!» тақырыбындағы үздік сурет, «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбындағы үздік қысқа бейнеролик және «Контрафакт» республикалық акциясының үздік логотипі конкурстары өткізілді.

«Контрафактіге жол жоқ!» тақырыбындағы 10-14 жас аралығындағы балалар үшін уздік суретке арналған республикалық конкурс 2023 жылдың 2 мамырынан 11 мамырына дейін өтті.

Бұл байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезең өңірлік деңгейде өткізілді. Осылайша, аумақтық әділет органдары 20 үздік жұмысты таңдап алып, кейіннен оларды республикалық конкурстық комиссиясымен одан әрі қара үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия:

бірінші орын: Кира Витальевна Лантухты (Май ауылы, Бейімбет Майлин ауданы, Қостанай облысы);

екінші орын: Аружан Ерланқызы Кучумованы (Көкшетау қ., Ақмола облысы);

үшінші орын: Жания Жақсылыққызы Байзақты (Ақтау қ. Маңғыстау облысы) жеңімпаз деп тануға шешім қабылдады.

«Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбындағы үздік қысқа бейнеролик республикалық конкурсы 2023 жылғы 2-15 мамыр аралығында Instagram әлеуметтік желісі алаңында, ҚР Әділет министрлігі @adiletgovkz инстаграмм парақшасын көрсете отырып, қатысушының жеке профилінде (account) #Конкурс_НЕТ_контрафакту_2023 хэштегімен бейнероликті орналастыру арқылы өтті .

Конкурстық комиссияның қарауына 37 бейнеролик ұсынылды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия:

бірінші орын: Ақжарқын Дәуренқызы Тилеулесты (Құлан ауылы, Т. Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы);

екінші орын: Дильназ Мұхамедиярованы, Бахрам Сәдуақасовты (Май ауданы, Павлодар облысы);

үшінші орын: Лейла Қуандыққызы Сансызбаеваны (Федорово ауылы, Федоров ауданы, Қостанай облысы) жеңімпаз деп тануға шешім қабылдады.

Ағымдағы жылғы 3-15 мамыр аралығында «Контрафакт» республикалық акциясының үздік ұранына арналған республикалық конкурсқа ҚР Әділет министрлігінің @adiletgovkz инстаграмм парақшасын көрсете отырып, #слоганконтрафакт2023 хэштегі бойынша Instagram желісінде өз жұмыстарын орналастыру арқылы 117 қатысушы қатысты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия:

бірінші орын: Гүлдина Қайдарқызының (Қызылағаш ауылы, Ақсу ауданы, Жетісу облысы);

екінші орын: Жеңісбай Қайратұлы Сағдаттың (Талдықорған қ., Жетісу облысы);

үшінші орын: Аида Анарбайдын (Астана қ.) ұрандарын үздік деп тануға шешім қабылдады.

Өз кезегінде жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталғанын атап өтеміз.

Сондай-ақ, рәсім аясында Қазақ ұлттық өнер университеті және Р. Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының шығармашылық ұжымдары мен әртістері өнер көрсеткен мерекелік концерт өтті.