Марат Бекетаев Ақмола облысының Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті

Марат Бекетаев Ақмола облысының Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті

ҚР Әділет министрінің міндетін атқарушы Марат Бекетаев Ақмола облысының Әділет департаментінде облыстағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті.
Іс-шара барысында Марат Бекетаев барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық ұйымдар арасындағы диалогты дамыту қажеттігін атап өтті. Ведомство басшысы қазіргі кездегі проблемаларды шешуде және халықпен кері байланыс орнатуда ҮЕҰ әлеуетін тарту маңызды деп есептейді.
Кездесуде сондай-ақ, бірқатар қоғамдық бірлестіктер мен қорлардың басшылары сөз сөйледі, олар өздерінің ұйымдарының қызметімен таныстырды, қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ келісілген бағыттар бойынша Әділет министрлігі қабылдайтын шараларды талқылады.

Айта кету керек, бұл кездесу Ақмола облысы әкімінің халық алдында есеп беру кездесуі сапары аясында өтті.