«Контрафакт» республикалық акциясының жеңімпаздары анықталды

«Контрафакт» республикалық акциясының  жеңімпаздары анықталды

Жыл сайынғы «Контрафакт» республикалық акциясы аясында 2023 жылғы 2-26 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Контрафактіге жол жоқ!» тақырыбындағы үздік суретке, «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбындағы үздік қысқа бейнероликке және  «Контрафакт» республикалық акциясының үздік ұранына конкурстар ұйымдастырды .

Акцияның мақсаты контрафактілік өнімдерді таратуға қарсы күресті насихаттау және танымал ету, балалар арасында көркем және шығармашылық дарындарды анықтау және ашу, контрафактіге теріс қатынасты қалыптастыру және зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғауға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.

«Контрафактіге жол жоқ!» тақырыбындағы 10-14 жас аралығындағы балалар үшін уздік суретке арналған республикалық конкурс 2023 жылдың  2 мамырынан 11 мамырына дейін өтті.

Бұл байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезең өңірлік деңгейде өткізілді. Осылайша, аумақтық әділет органдары 20 үздік жұмысты таңдап алып, кейіннен оларды республикалық конкурстық комиссиясымен одан әрі қара үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия:

бірінші орын: Кира Витальевна Лантухты (Май ауылы, Бейімбет Майлин ауданы, Қостанай облысы);

екінші орын: Аружан Ерланқызы Кучумованы (Көкшетау қ., Ақмола облысы);

үшінші орын: Жания Жақсылыққызы Байзақты (Ақтау қ. Маңғыстау облысы) жеңімпаз деп тануға шешім қабылдады.

«Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбындағы үздік қысқа бейнеролик республикалық конкурсы 2023 жылғы 2-15 мамыр аралығында Instagram әлеуметтік желісі алаңында, ҚР Әділет министрлігі @adiletgovkz инстаграмм парақшасын көрсете отырып, қатысушының жеке профилінде (account) #Конкурс_НЕТ_контрафакту_2023 хэштегімен бейнероликті орналастыру арқылы өтті .

Конкурстық комиссияның қарауына 37 бейнеролик ұсынылды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия:

бірінші орын: Ақжарқын Дәуренқызы Тилеулесты (Құлан ауылы, Т. Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы);

екінші орын: Дильназ Мұхамедиярованы, Бахрам Сәдуақасовты (Май ауданы, Павлодар облысы);

үшінші орын: Лейла Қуандыққызы Сансызбаеваны (Федорово ауылы, Федоров ауданы, Қостанай облысы) жеңімпаз деп тануға шешім қабылдады.

Ағымдағы жылғы 3-15 мамыр аралығында «Контрафакт» республикалық акциясының үздік ұранына арналған республикалық конкурсқа ҚР Әділет министрлігінің @adiletgovkz инстаграмм парақшасын көрсете отырып, #слоганконтрафакт2023 хэштегі бойынша Instagram желісінде өз жұмыстарын орналастыру арқылы 117 қатысушы қатысты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия:

бірінші орын: Гүлдина Қайдарқызының (Қызылағаш ауылы, Ақсу ауданы, Жетісу облысы);

екінші орын: Жеңісбай Қайратұлы Сағдаттың (Талдықорған қ., Жетісу облысы);

үшінші орын: Аида Анарбайдын (Астана қ.) ұрандарын үздік деп тануға шешім қабылдады.

Женімпаздар 2023 жылдың 26 мамырында «Контрафакт» республикалық акциясының жабылу салтанатында бағалы сыйлықтармен марапатталады.