
2019 жылы 26 ақпанда Қарағанды облысының әділет департаментінде ҚР «Адвокаттық қызмет және заңгерлік көмек туралы» Заңын жүзеге асыру аясында облыс адвокаттарымен кездесу өткізілді.
Кездесуде Қарағанды облысының әділет департаментінде департамент басшысының орынбасары Н.Есебаевпен Жоғарғы соттың («Төрелік», Сот кабинеті), Бас прокуратураның (ҚАО ААЖ - құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдардың ақпараттық алмасу жүйесі), Әділет министрлігінің («Жеке тұлғалар» МДҚ, «Заңды тұлғалар» МДҚ, «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» МДҚ, «Е-нотариат» Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе»), Ішкі істер, Ақпарат және коммуникациялар министрліктерінің («Е-лицензиялау»), «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Бірыңғай бағалы қағаздарды тіркеу» АҚ, Зейнетақы және жәрдемақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы, «ИнфоТех&Сервис» ЖШС (Параграф) біріктірілген ақпараттық жүйелерімен және екінші дәрежелі банктармен «Е-заңгерлік көмек» ақпараттық жүйесіне қосылу мәселелері түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша облыстың жекелеген адвокаттары «Е-заңгерлік көмек» ақпараттық жүйесіне қосылуға ниет білдірді.
