
Төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссиясымен а.ж. 20 сәуірінен бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында кезең-кезеңмен жұмыс жасауға рұқсат берілген қызмет түрлерінің бекітілген тізіміне нотариустар да кірді.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қызметтік кеңседе адамдардың топтасуын болдырмау мақсатында нотариустардың өз қызметін тек алдын-ала жазылу арқылы жүргізе алатынына назар аударады. Сонымен қатар, қызмет барысында коронавирустың таралуына жол бермеудің санитарлық-эпидемиологиялық шаралары қатаң сақталуы тиіс.
Сондай-ақ, тараптармен қатынасты (контакт) барынша азайту үшін электронды байланыс құралдары (мессенджерлер, электронды пошта және т.б.) арқылы клиенттерге алдын-ала кеңес беріп, олармен мәміле және басқа да нотариаттық құжаттардың жобасын әзірлеп және келісуге кеңес беріледі.
Өмір сүру және денсаулық сақтау құқығы, сондай-ақ білікті заң көмегін алу құқығы да адамның іргелі және конституциялық құқықтары болып табылатынын ескере отырып, құқықтық көмек көрсету субъектілері өздерінің де, оларға жүгінетін азаматтардың да денсаулығы ең басты орында екендігін нотариустардың назарына саламыз.