
ҚР Әділет министрлігі «1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер жөнінде өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартты іске асыру бойынша құзыретті органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының (бұдан әрі – Жоба) жобасын дайындады.
1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық iстер жөнiнде өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 4-бабына сәйкес Тараптар тағайындалған құзыретті мекемелер, олардың функциялары және байланыс деректері туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
Жобамен Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Шартты іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының құзыретті органдары айқындалатын Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы енгізіледі.
Барлық мүдделі азаматтар жоғарыда аталған Жобаны талқылауға келесі сілтеме бойынша қатыса алады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14562579.