Адвокаттар алқасының 25-жылдығына орай Әділет министрлігінің әйелдер құрамасы волейболдан 1 орынға ие болды

Адвокаттар алқасының 25-жылдығына орай Әділет министрлігінің әйелдер құрамасы  волейболдан 1 орынға ие болды

Ағымдағы жылғы 20-мамырда Әділет министрлігінің "Әділет" әйелдер құрама командасы Астана қаласы адвокаттар алқасының 25-жылдығына орай ұйымдастырылған волейболдан турнирге қатысты.

Турнирдің нәтижесі бойынша Әділет министрлігінің әйелдер құрамасы жеңіске жетіп, 1 орын үшін кубок жүлдесін және арнайы дипломдармен марапатталды.

Аталған іс-шараға  Жоғарғы сот, Сот сараптамасы орталығы, Астана қаласының адвокаттар алқасы, Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының 11 командалары жарысқа түсті.