Әділет вице-министрі Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді!

Әділет вице-министрі Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді!

Ағымдағы жылдың 24 мамырда сағ. 10.40-да Шымкент қаласының «Көрме орталығы»  ғимаратында Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді (мекен-жайы: Шымкент қ., Н.Назарбаев даңғылы, 12).

Іс-шараға белсенділер, Қоғамдық кеңестің мүшелері, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысады.

Азаматтардың сауалдары, сұрау салулары және ұсыныстары m.mamataeva@adilet.gov.kz электрондық поштасы мекен-жайы бойынша қабылданады.