Халықаралық сарапшылармен «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» вебинары

Халықаралық сарапшылармен  «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» вебинары

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) қолдауымен 2023 жылғы 18-19 мамыр аралығында «Контрафакт» республикалық акциясы шеңберінде «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбында вебинар өткізілуде.

ДЗМҰ, REACT (штаб-пәтері Амстердам) қауымдастығының, патенттер және тауар белгілері жөніндегі Федералды ведомствоның (Германия), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, сондай-ақ Ralph Lauren, MSD, PANDORA, Bio-Oil, Kenvue, Swarovski, Colgate-Palmolive, Beiersdorf, Nokia және т. б. өкілдері,спикерлер ретінде сөз сөйлеуде.

Вебинарға қатысушылар, оның ішінде аумақтық әділет, қаржы мониторингі, кеден органдарының, мүдделі мемлекеттік органдардың, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету, Еуропалық Одақта зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, тауар белгілерін қолдан жасаумен күресу, авторлық құқық саласындағы қарақшылықтың алдын алу, оның ішінде Интернет желісіндегі мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, Еуропа елдеріндегі зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың құқық қолдану тәжірибесі, түпнұсқа өнім мен контрафактілік өнім арасындағы айырмашылық қарастырылады.