
2023 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Қоғамдық кеңестің отырысында «ҚР Әділет министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелері, заң консультанттар, нотариустар ұсынатын қызметтердің, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, мүгедек балалар мен ересектердің ата-аналарына/қамқоршыларына адвокаттар көрсететін заң көмегінің қолжетімділігі туралы» мәселесі талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес ҚР Әділет министрлігіне ұсынымдар әзірледі.