
2023 жылғы 17-18 мамырда Қазақстан Республикасы Әділет Вице-министрі Б.Ш. Жақселекова бастаған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің делегациясы Ташкенттегі «Tashkent Law Spring» III халықаралық заң форумына (бұдан әрі - Форум) қатысты.
Форумның негізгі тақырыбы – «Іргелі құқықтар мәңгілік құндылықтар».
Форум Орталық Азиядағы жыл сайынғы ірі халықаралық құқықтық іс-шара болып табылады.
Форум аясында шет елдік әріптестер мен халықаралық сарапшылармен іргелі құқықтар призмасы арқылы қазіргі заманауи құқықтық үрдістерді талқылау пікір алмасуы өтті.
Сот сараптамасын дамытудың заманауи үрдістері сессиясының барысында Қазақстандық делегация Қазақстан Республикасындағы сот - сараптама қызметін одан әрі реформалау туралы ақпаратпен бөлісті.