Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысы туралы аңдатпа

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысы туралы аңдатпа

23 мамыр сағат 14:30-да Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің QAZPATENT ғимаратында (Астана қаласы, Мәңгілік Ел 57А даңғылы) «Адвокаттар және заң консультанттармен білікті заң көмегін көрсету» тақырыбында көшпелі отырысы өтеді.

Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Әділет министрі, Республикалық адвокаттар алқасының, Республикалық заң консультанттары алқасының төрағалары, заң консультанттары палаталары қауымдастығының, Республикалық нотариаттық палатасының, Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының, мемлекеттік органдардың және мүдделі ұйымдардың өкілдері,  халықаралық сарапшылар қатысады.

Іс-шара шеңберінде Заң көмегін көрсету саласын жетілдіру және автоматтандыру жұмыстарын жалғастыру мәселесін талқылау жоспарлануда.

Талқылау нәтижелері бойынша Қазақстанда заң көмегін көрсету саласын одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірленетін болады.