
2023 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Қоғамдық кеңестің отырысында:
«Министрліктің 2022 жылғы заң жобалау жұмысы жоспарының орындалуы және 2023 жылға арналған жоспардың орындалу барысы туралы»;
«Әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі заңнамалық және ұйымдық-құқықтық шаралар туралы» талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес ҚР Әділет министрлігіне ұсынымдар әзірледі.