Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру туралы аңдатпа

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру туралы аңдатпа

ҚР Әділет министрлігі «1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 215 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) дайындады.

Қол қоюшы тұлғаның өзгеруіне байланысты, «1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 215 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы әзірленген.

Барлық мүдделі азаматтар келесі сілтеме бойынша өтіп, жоғарыда көрсетілген қаулы жобасын талқылауға қатыса алады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14561322.