Санкт-Петербургте Азамат Есқараев әділет саласында цифрлық технологияларды енгізудегі қазақстандық тәжірибесімен бөлісті

Санкт-Петербургте Азамат Есқараев әділет саласында цифрлық технологияларды енгізудегі қазақстандық тәжірибесімен бөлісті

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев бастаған қазақстандық делегация XI Санкт-Петербург халықаралық заң форумына қатысты.

Форум барысында Азамат Есқараев әділет министрлерінің «Әділет министрліктерінің халықаралық өзара іс-қимылы: жаңа форматтар мен көкжиектер» атты ашық кеңесінде спикерлердің бірі ретінде сөз сөйледі.

Министр әділет саласына заманауи технологиялар мен цифрлық платформаларды кешенді енгізуді қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық тәжірибе, атап айтқанда Digital Justice - Цифрлық әділет жобаларын дамыту туралы айтып өтті.

Министр форум жаһандық әлеуметтік-экономикалық міндеттер тұрғысынан өзекті құқықтық мәселелерді талқылау үшін құрылған бірегей алаң екенін атап өтті.

«Форумның екі күнінде біз маңызды құқықтық мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарымызды білдірдік, халықаралық құқықты дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелерін шешу тәжірибесімен бөлістік», - деді Азамат Есқараев.

Естеріңізге сала кетейік, Санкт-Петербургтегі халықаралық заң форумы – заң, кәсіпкерлік, саяси және құқық қорғау қоғамдастықтарының өкілдері арасындағы азаматтардың мүддесі үшін құқық мәселелері, бизнес, құқық қолдану практикасын жетілдіру, құқықтық мәдениетті дамыту және қазіргі жағдайда әлеуметтік-экономикалық саланы реттеу мақсатындағы заңнамалық бастамаларды ілгерілету бойынша диалог үшін құрылған ең ірі алаң.