
Әділет министрі Азамат Есқараев Каспий университеті Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры Майдан Сүлейменовпен және институттың бас ғылыми қызметкері Фархад Карағұсовпен онлайн-кездесу өткізді. Кездесудің модераторы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов болды. Іс-шара барысында тараптар азаматтық заңнаманың және квазимемлекеттік секторды реформалаудың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Әділет министрлігі мен жеке құқық институтының одан әрі тығыз өзара іс-қимылы туралы уағдаласты.