ҚазҰӨУ-дегі «Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру» дәріс

ҚазҰӨУ-дегі «Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру» дәріс

2023 жылғы 28 сәуірде Зияткерлік меншік құқығы департаментінің қызметкерлері Қазақ ұлттық өнер университетінің (Шабыт) студенттеріне «Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру» дәріс өткізілді.

Дәріс аясында зияткерлік меншік саласындағы новеллалар талқыланды.

Сонымен қатар авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік  объектілерінің құқықтарын сақтау және  қорғау тақырыптары талқыланды.

Бұл іс-шара болашақ өнер, шығармашылық және мәдениет қайраткерлеріне олардың құрылатын зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.