
2000 жылдан бастап жыл сайын 26 сәуірде Халықаралық зияткерлік меншік күнін атап өтеді.
Дәл осы күні 1970 жылы қызметі теңдестірілген және қол жетімді Халықаралық зияткерлік меншік жүйесін дамытуға бағытталған БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі - Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымын (ДЗМҰ) құрған Конвенция күшіне енді.
2023 жылы Халықаралық зияткерлік меншік күні «Әйелдер мен зияткерлік меншік – инновация және шығармашылықтың катализаторы» тақырыбына арналған.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 26 сәуірінде «Ашық диалог» порталында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеуге арналған интернет-конференция өткізеді https://dialog.egov.kz/conference/2921.