Ағымдағы жылдың ақпан айында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Республикалық адвокаттар алқасы арасында «Е-заң көмегі» Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесін ұйымдастыру, сүйемелдеу және дамыту бойынша қызметтер көрсету үшін келісімге қол жеткізілді.
Бұл бастаманы Түркістан облысының адвокаттары қолдап, бүгінгі күнге дейін 55 адвокат шартқа қосылды.
Алдағы уақытта «Е-заң көмегі» АЖ интеграциялау бойынша Әділет Министрлігінің, Жоғарғы Соттың, Бас Прокуратурасының, Ішкі істер, білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктерінің, сондай-ақ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру жүргізілетін болады.