Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру туралы

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру туралы

ҚР Әділет министрлігі «1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) дайындады.

Хаттамамен Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 30 мамыр № 2309 Жарлығымен ратификацияланған 1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік соттардың шешімдері мен өтінішхаттарын орындау саласында құқықтық көмек көрсету жөніндегі сот органдарының функцияларын нақтылау мақсатында, сондай-ақ екі Тараптардың құзыретті мекемелерін өзгерту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Барлық мүдделі азаматтар келесі сілтеме бойынша өтіп, жоғарыда көрсетілген қаулы жобасын талқылауға қатыса алады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14503407.