Астанада Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Астанада Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асыру мәселелері талқыланды

2019 жылдың 15 наурызында Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы А. Тленчиев, Астана қаласы бойынша МҚІСҚА Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Ж. Жылқышиева, сондай-ақ, Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі М. Имятова «Сыбайлас жемқорлықтан бос аймақтар» жобасы аясында Этика институтын қолданудың шетелдік тәжірибесін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруды талқылады.
Ж. Жылқышиева Департаменттің мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет көрсету саласында жүргізіліп жатқан жұмысы, сондай-ақ осы бағыттардағы мониторинг тетіктері туралы айтып өтті.

2018 жылдың ақпан айынан бастап Астана қаласы әкімдігімен бірлескен «Астана – адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылуы туралы айтты. Жобаның басты идеясы, қоғамдық бақылау арқылы мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындылығы болып табылады.
Сонымен қатар семинар барысында, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі М.И. Имятова Департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің әдеп, адамгершілік нормаларының талаптарын, жоғарғы кәсіби қызметтің стандарттарын, заңды принциптерді қолдауды, объективті және адал болу қажеттігін назарларына жеткізді.