Байқау Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының қамқорлығымен өткізіледі.
Байқаудың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Назарбаев Университеті, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және Крэнфилд университеті (Ұлыбритания) болып табылады.
Байқаудың серіктестері «Samruk-KazynaTrust» корпоративтік қоры және «AirAstana» ұлттық әуетасымалдаушысы болып табылады.
Байқау жыл сайын қазақстандық оқушылардың зияткерлік әлеуетін ынталандыру және қолдау, олардың зияткерлік қызмет өнімдерін жасауға деген қызығушылығын арттыру және қалың жұртшылықты жастардың шығармашылық және ғылыми жетістіктерімен таныстыру мақсатында өткізіледі.
Байқауға 16-18 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің ағылшын тілін меңгерген, физика-математика және жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктері, сондай-ақ өзіндік жобалық қызмет тәжірибесі бар оқушылары қатысады.
Аймақтық іріктеу турына қатысуға ниет білдірген мектеп топтары,
2019 жылдың 15 наурызынан бастап 10 мамырға дейін ашық болатын, http://shapagat.kazpatent.kz/kk/nfsc
сілтемесі бойынша онлайн-платформада тіркеу нысанын толтыру арқылы тіркелуі қажет.
Аймақтық іріктеу қорытындысы бойынша әр облыстан, Астанадан және Республикалық маңызы бар қалалардан 17 топ ақтық турына өтеді. Нәтижелер 2019 жылғы 27 мамырда онлайн-платформада орналастырылады.
Ақтық тур 2019 жылдың 25-27 маусым аралығында Астана қаласында өтеді, оның қорытындысы бойынша қатысушы командалар 2019 жылдың 19-26 тамызы аралығында Крэнфилд университетіне (Лондон қ.) оқу-танымдық сапарына жіберіледі.