Әділет министрлігі жеке практикамен айналысатын тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа тәртібі туралы мәлімдейді

Әділет министрлігі жеке практикамен айналысатын тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа тәртібі туралы мәлімдейді

Төтенше жағдай мен карантиннің енгізілуіне байланысты, сонымен қатар коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында, жеке практикамен айналысатын тұлғалар өзінің кәсіби қызметін шектеді. Бұндай қадам төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына әкеліп соғатыны белгілі.

Осы жағдайды ескере отырып, Әділет министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігіне әлеуметтік төлемді жеке практикамен айналысатын тұлғаларғалардың алуы тәртібін жеңілдету қажеттілігі туралы хат жолдаған болатын.

Ағымдағы жылдың 03 сәуірінде қабылданған жаңа Ережеге сәйкес жеке практикамен айналысатын тұлғаларға әлеуметтік төлемді тағайындау негізі төтенше жағдай кезінде қызметінің шектелуіне байланысты табысынан айырылғаны туралы өтініш болып табылады.

Бұған қоса, әлеуметтік төлемді алу құқығы адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының көмекшілеріне және коммерциялық емес ұйымдардың (адвокаттар алқаларының, адвокаттық кеңселердің, нотариаттық палаталардың және т.б.) қызметкерлеріне беріледі.

Жалған ақпараттар мен дәйексіз құжаттарды бергені үшін өтініш беруші жауапқа тартылатынын ескерулеріңізді сұраймыз, себебі әлеуметтік төлем табысынан айырылған азаматтарға ғана беріледі.

Осыған орай, жеке практикамен айналысатын тұлғалар мемлекеттік қолдауды шектеу шараларының енгізілуіне байланысты шын мәнінде табысынан айырылған жағдайда ғана пайдалана алады.