Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы

1-бап. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 4, 217-құжат; 1998 ж., № 20, 245-құжат; 2007 ж., № 10, 68-құжат; 2011 ж., № 3, 29-құжат; 2017 ж., № 5, 9-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-бапта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның астанасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы болып табылады.»; 3-1-тармақтағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының                                                                                                           Қ. ТОҚАЕВ
Президенті 

 

http://law.gov.kz/client/#!/doc/129702/kaz