
2019 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Әділет министрі М.Б. Бекетаев Японияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Касаи Тацухико мырзамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Япония арасындағы заң шығару саласында ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша пікір алмасты, одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ бір-біріне жемісті жұмыс тіледі.