Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Құрметті Абай облысының тұрғындары!

Ағымдағы жылдың 17 наурызында сағат 11:30-да Аягөз ауданы әкімдігінің ғимаратында ( Абай облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Абай бульвары, 14-үй мекен-жайы бойынша) онлайн форматында Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауы өтеді.

Жеке қабылдауға жазылу ағымдағы жылдың 16 наурызына дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін Абай облысы Әділет департаментінің мына телефондары бойынша жүзеге асырылады: 8 (7222) 56-22-99; ұялы. 8-776-476-88-00.