Атқарушылық құжатты сот орындаушысына қалай және қайда ұсынуға болады?

Атқарушылық құжатты сот орындаушысына қалай және қайда ұсынуға болады?

Атқарушылық құжатты жеке сот орындаушысына немесе борышкердің орналасқан жері бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына ұсынуға болады. Жеке сот орындаушыларының байланыс деректері Әділет министрлігінің ресми сайттарында (www.adilet.gov.kz) және Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасында (www.zhso.kz) орналастырылған. Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мәлімет алу қажет болған жағдайда 8775 494 11 34 телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.