Алматыда бизнес жүргізу жағдайын жақсарту туралы сөз қозғалды

 Алматыда бизнес жүргізу жағдайын жақсарту туралы сөз қозғалды

2019 жылғы 27 наурызда Қазақстанның «Doing Business» рейтингісіндегі позициясын жоғарлату мен бизнес жағдайын жақсарту мәселелері бойынша  кәсіпкерлермен кездесу өтті.   
Алаң Қазақстандағы бизнесті дамыту қарқынын арттыру мен оның шарттарын жақсарту жөнінде түрлі ұйымдар мен ведомстволардың өкілдерін біріктіріп, онда ағымдағы мәселелер  қарастырылып, бірлескен шешімдер пысықталды. 
Әділет министрлігімен әкімшілік кедергілерді төмендету, бизнес үшін рұқсат беру құжаттарын қысқартуға бағытталған заңнамалық бастамалар мен  олардың құқық қолдану тәжірибесімен байланысты бизнес ахуалды жақсарту бойынша сұрақтар көтерілді.
Қазақстандағы өткізілген реформалардың нәтижелері мен бизнестің жағдайын Дүниежүзілік банктің тәуелсіз сарапшыларымен бағаланады. Дүниежүлік банктің 2018 жылғы есебіне қарағанда, Қазақстан «Doing Business» рейтингісінде Қазақстан өткен кезеңмен салыстырғанда 8 тармаққа жоғарылап, әлемнің 190 елдерінің ішінде 28 орынды иеленіп, бүкіл кезең барысында өз рейтингісін 49 позицияға арттырған.
Қазақстан рейтингте Испания (30 орын), Франция (32), Польша (33), Португалия (34), Швейцария (38), Жапония (39), Түркия (43) елдерінен озық тұр. Еліміз Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішінде көшбасшы болып бастап келеді, артынша Ресей (31), Беларусь (37), Армения (41) мен Қырғызстан (70) елдері рейтингте орналасқан.
Әділет министрлігіне 3 көрсеткіш жүктелген:
- Кәсіпорындарды ашу бойынша былтырғы жылғы 41 орыннан 36 орынға жылжып, 5 позицияға жақсарды;
- Мүлiктi тіркеу – былтырғы жылғы 17 орыннан 18 орынға түсті (1 орынға  төмендеді);
- Келісім-шарттарды орындау бойынша былтырғы жылғы 6 орыннан 4 орынға жоғарлады (2 позицияға жақсарды).  
Іс-шара кезінде бизнес ашу рәсімдерін жеңілдету бойынша іске асырылған  шаралар туралы презентациялар көрсетілді, атап айтқанда, банктік шотты ашу, сақтандыру шартын жасау, қосылған құн салығын тіркеуге қажетті уақытты 5 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне қысқарту, жеке компаниялардан құжаттарда мөр болуын талап етуге тыйым салу, құрылысқа рұқсат алу кезінде жұмыстың жағдайы,  жылжымайтын мүлікке құқығын ресімдеу мен тіркеу мүмкіндіктері және т.б.
Сарапшылар «Doing Business» рейтингісі бойынша айтылған заңнамалық бастаманың Қазақстандағы бизнестің дамуына оң әсер ететінін атап өтті, елімізге қосымша инвестицияның тартылуына, сол себепті экономиканы дамытуға ықпал етеді.